Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-25-6 шешімі

      Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ақмола облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-7 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақмола облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы №162 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28125 болып тіркелген) жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақмола облысы аумағында жануарларды (иттер мен мысықтарды) аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың тәртібін белгілейді.";

      2-тармақтың 11) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде мәтіні өзгеріссіз.

      2. "Ақмола облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-8 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақмола облысында үй жануарларын асырау және серуендету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28138 болып тіркелген) үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету тәртібін белгілейді.".

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы
Т.Жүнісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады