Ақмола облысы Степногорск қаласы Изобильный ауылы көшелерінің атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы Изобильный ауылы әкімінің 2023 жылғы 2 қазандағы № 6 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Изобильный ауылының тұрғындарының пікірін ескеріуімен және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы отырысының қорытындысы негізінде, ШЕШТІ:

      1. Ақмола облысы Степногорск қаласы Изобильный ауылы көшелерінің атаулары қайта аталсын:

      1) Казахстанская көшесін Қазыбек би көшесіне;

      2) Тургайская көшесін Ынтымақ көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Изобильный ауыл әкімі Р.Жақсыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады