Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1 тармағына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Атбасар ауданы 2023 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері - ай сайын пайдалы аланның бір шаршы метр үшін 34,63 теңге бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы | Н.Рахимов |