"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Есіл қаласы халқының пікірін ескере отырып Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл ауданының Есіл қаласының көшелері қайта аталсын:
Элеваторная және СПТУ - 4 көшелері Шайдахмет Серғазин көшесіне.
2. Осы бірлескен Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы және Есіл аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі | Е.Баяхметов |
Есіл аудандық мәслихатының төрайымы | А.Әділбаева |