"Жарқайың ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі №8С-5/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 тамыздағы № 8С-10/4 шешімі

      Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Жарқайың ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 8С-5/3 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Жарқайың ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспардың 8) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жарқайың ауданы бойынша қажеттілік:

      ІҚМ үшін -8,5 гектар 1 басқа;

      ҰММ үшін -1,7 гектар 1 басқа;

      жылқыға–10,2 гектар 1 басқа".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы А.Әлжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады