Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес, Шортанды ауданы "А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Савин Тимур Владимировичтің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № вн-210 өтініші негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шортанды ауданының "А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы ауданы 0,0022 гектар жер учаскелеріне 5 (бес) жыл мерзімге ӘЖ-10/4 электрмен жабдықтау тіректерімен шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
2. Шортанды ауданының "А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
1) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы жазбаша хабарламалар (жария сервитут) жіберілсін;
2) "Шортанды ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жария сервитут шарты жасалсын;
3) Жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жер учаскелерін тікелей мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіруге міндетті.
3. Шортанды ауданының "Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
1) Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;
2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі | С.Шабаров |
Қосымша Шортанды ауданы әкімдігінің қаулысына "21" қазан 2023 жылғы № А-5/219 |
Жария сервитут белгіленетін жер учаскелері
№ | Жер пайдаланушының/ меншік иесінің атауы | Жария сервитут пен ауыртпалық салынған жер учаскесінің ауданы |
1 | Дамса ауылдық округінің жерлері | 0,0022 га |
Барлығы | 0,0022 га |