Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 6 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Төтенше жағдайлар жіктемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, "Бурабай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 7 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде, Бурабай ауданы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Е.Е. Биданов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Е.Е. Бидановқа жүктелсін.

      4. Осы шешімнің күші 2023 жылғы 7 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімнің міндетін атқарушы Б.Махметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады