ШЕШТІ:
1. "Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 14 тамыздағы № 194 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5632 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 – бабының 2-6-тармағына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 312 бұйрығымен бекітілген Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33163) Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
Көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. СҮЙІНТАЕВА |
Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 82 шешіміне қосымша |
|
Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 14 тамыздағы № 194 шешімімен бекітілген |
Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 312 бұйрығымен бекітілген Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік Қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік - еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;
2) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес тиісінше мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
3) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және қандастарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға;
4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың және (немесе) қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
5) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;
6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың және (немесе) қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
7) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына бір облыс шегінде қоныс аудару;
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;
9) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) ішкі көші-қон – жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы;
11) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;
12) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
2-тарау. Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібі
3. Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін мониторингтеу олардың әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріліп жүзеге асырылады.
Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі, инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфорақұрылыммен қамтамасыз ету жатады.
4. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға);
еңбекші көшіп келушілерді тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.
5. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру екі бағыт бойынша:
1) Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде;
2) бір облыс шегінде жүзеге асырылады.
6. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін экономикалық даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалар, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ экономикалық өсу орталығы қатарынан елді мекендердің тізбесін қалыптастырады.
7. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган жыл сайын, 15 желтоқсанға дейін, қандастар мен қоныс аударушыларды, оның ішінде облыс ішінде қоныстандыру мақсатында жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына арналған елді мекендердің тізбесін анықтайды.
8. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган елді мекендер тізбесін Электрондық еңбек биржасында, "Қоныс аудару" бөлімінде орналастыруды қамтамасыз етеді және еңбек мобильділігі орталықтарына, ауылдық округтердің әкімдіктеріне жібереді.
9. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.
10. Демографиялық дамуды мемлекеттік қолдауға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерация және ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың аумақтарында қандастарды қоныстандыру үшін бейімдеу бағдарламалары жүзеге асырылады.
11. Көші-қон жағдайының дамуын мониторингтеуді және болжауды қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салу мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады.
12. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп қонушыларды тіркеу қағидаларымен жүзеге асырылады.