БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 416 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12913 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларында:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жоғары офицерлер құрамын заттай мүлікпен жабдықтаудың нормасында:
реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
38. | Белгіленген түсті футболка | 2 дана | 1 жыл |
";
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарында аға және кіші офицерлер құрамын, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарын заттай мүлікпен жабдықтау нормаларында:
реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
31. | Белгіленген түсті футболка | 1 дана | 1 жыл |
";
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әйел әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтаудың нормасында:
реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
29. | Белгіленген түсті футболка | 1 дана | 1 жыл |
";
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы оқу орындарының курсанттарын заттай мүлікпен жабдықтаудың нормасында:
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
23. | Белгіленген түсті футболка | 1 дана | 1 жыл |
";
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сарбаздары мен сержанттарын заттай мүлікпен жабдықтаудың нормасында:
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
14. | Белгіленген түсті футболка | 2 дана | 1 жыл |
";
реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
24. | Қара түсті іші жылы қолғап | 2 жұп | 1 жыл |
";
Әскери қызметшілерді жылы заттармен, жабдықпен және төсек орын керек-жабдықтарымен (мүкәммалдық мүлікпен) жабдықтаудың нормасында:
"Ескертпе" деген 5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қорғау жөніндегі әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) әскери қызметшілерін қоспағанда, қой терісінен тігілген қысқа тон, табаны резеңке пима, іші теріден тігілген биялай климаты салқын аудандарда жеке құрамның штат санының 50 пайызына, климаты ыстық және жылы аудандарда 30 пайызына, жедел бөлімдер мен бөлімшелерде жеке құрамның штат санының 100 пайызына беріледі";
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау жөніндегі әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) әскери қызметшілерін бекеттік киіммен және киім-кешекпен (мүкәммалдық мүлікпен) жабдықтаудың нормасы мынадай редакцияда жазылсын:
Р/с № | Заттар атауы | Заттар саны | Кию мерзімі | Ескертпе |
1. | Белгіленген түсті жазғы кепи | 1 дана | 1 жыл | Сақтау базалары мен қоймаларда жылдық қажеттіліктің 50% мөлшерінде ауыспалы қорды және жылдық қажеттіліктің 10% мөлшерінде азаймайтын қорды ұстау |
2. | Белгіленген түсті маусымдық кепи | 1 дана | 1 жыл | |
3. | Белгіленген түсті жазғы шалбар | 1 дана | 1 жыл | |
4. | Қысқа жеңді белгіленген түсті жазғы жейде | 2 дана | 1 жыл | |
5. | Белгіленген түсті жазғы костюм | 1 жинақ | 6 ай | |
6. | Белгіленген түсті жылы костюм | 1 жинақ | 1 жыл | |
7. | Былғары жабдықтар | 1 жинақ | 5 жыл | |
8. | Белгіленген түсті плащ | 1 дана | 6 жыл | |
9. | Белгіленген түсті футболка | 2 дана | 1 жыл | |
10. | Белгіленген түсті төмен температураға арналған шалбар мен күртеше | 1 жинақ | 3 жыл | |
11. | Белгіленген түсті кроссовки | 1 жұп | 1 жыл | |
12. | Белгіленген түсті төмен температураға арналған бәтеңке | 1 жұп | 3 жыл |
Азаматтық қорғау әскери бөлімдерінің (бөлімшелердің) әскери қызметшілерін бекеттік киіммен және киім-кешекпен (мүкәммалдық мүлікпен) жабдықтаудың нормасы алып тасталсын;
Медициналық бөлімшелерді заттай және санитарлық-шаруашылық мүлікпен (мүкәммалдық мүлікпен) жабдықтаудың нормасында:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Белгіленген түсті футболка | 2 дана | 1 жыл |
";
Медициналық бөлімшелердің әскери қызметшілерін арнайы киіммен (мүкәммалдық мүлікпен) жабдықтау нормаларында:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған жеке сөмке | 1 дана | 1 жыл |
";
Әскери оркестрлерді заттай мүлікпен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың нормасында:
реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
36. | Белгіленген түсті футболка | 1 дана | 2 жыл |
";
Шақыру бойынша әскери қызметшілер запасқа шығарылған кезде берілетін заттай мүлік заттарының нормасында:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Белгіленген түсті футболка | 1 дана | 1 жыл |
";
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Е.С. Ботақанов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмелерін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты орналастырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Е.С. Ботақановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
20__ жылғы "___" __________