"Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 919 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16576 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскуранты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2023 жылғы "__" _____
№____ бұйрығымен бекітілген

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басын куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет БАҒАЛАРЫНЫҢ ПРЕЙСКУРАНТЫ

Мерзімі

ҚҚС-сыз бағасы (теңге)

Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін:

1-санатты жеделдік – 1 (бір) жұмыс күніне дейін

3011,12

2- санатты жеделдік – 3 (үш) жұмыс күніне дейін

1581,14

облыс орталықтары үшін:

1-санатты жеделдік – 3 (үш) жұмыс күніне дейін

3011,12

2- санатты жеделдік – 5 (бес) жұмыс күніне дейін

1581,14

облыстардың аудандары мен қалалары үшін:

3-санат - 7 (жеті) жұмыс күніне дейін

605,31


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады