Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтөбе облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8311 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақтөбе облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы";
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.";
көрсетілген қаулыға қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақтөбе облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы".
2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |