Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 21.11.2023 № 320 қаулысымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-4) тармақшасына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 21.11.2023 № 320 қаулысымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).2. "Ақтөбе облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24970 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Ақтөбе облысының әкімі | Е. Тугжанов |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 30 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 21.11.2023 № 320 қаулысымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны | Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) |
Ғылыми-техникалық бағыт - 1925 | |||
1 | Авиамодельдеу | 50 | 14245 |
2 | Автомодельдеу | 100 | 14245 |
3 | Кинобейне жаса | 175 | 14245 |
4 | Компьютерлік графика | 150 | 14245 |
5 | Компьютерлік дизайн | 120 | 14245 |
6 | Ұлттық қолөнер | 85 | 14245 |
7 | Бастапқы техникалық модельдеу | 100 | 14245 |
8 | Бағдарламалау | 220 | 14245 |
9 | Радиотехника | 25 | 14245 |
10 | Робототехника | 700 | 14245 |
11 | Судомодельдеу | 50 | 14245 |
12 | Электротехника | 75 | 14245 |
13 | 3Д-модельдеу | 75 | 14245 |
Ғылыми-техникалық бағыт | |||
1 | Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру | 25 | 22766 |
Көркемдік-эстетикалық бағыт – 1065 | |||
1 | Киім дизайны | 25 | 13449 |
2 | Модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін | 240 | 14245 |
3 | Көрпе тігу және томбурлы кестелеу | 100 | 13449 |
4 | Оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар) | 120 | 13449 |
5 | Тоқыма тоқу | 120 | 13449 |
6 | Киімді көркемдік үлгілеу | 95 | 13449 |
7 | Ағашты көркемдік өңдеу | 85 | 14245 |
8 | Былғарыны көркем өңдеу | 25 | 13449 |
9 | Металды көркемдік өңдеу | 60 | 14245 |
10 | Тігу, макраме | 195 | 13449 |
Көркемдік-эстетикалық бағыт | |||
1 | Модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін | 25 | 23766 |
2 | Оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар) | 45 | 23766 |
3 | Тігу, макраме | 25 | 23766 |
Әлеуметтік-педагогикалық бағыт - 610 | |||
1 | Журналистика, медиа орталықтар | 110 | 9680 |
2 | Шешендік өнер | 320 | 9680 |
3 | Кәсіпкерлік негіздері | 180 | 9680 |
Гуманитарлық бағыт - 1205 | |||
1 | Тіл курстары | 1205 | 9680 |
Жаратылыстану-математикалық бағыт - 915 | |||
1 | Математикалық курстар | 915 | 9680 |
Туризм және өлкетану бағыты - 160 | |||
1 | Тарихи өлкетану | 50 | 9680 |
2 | Жол іздеуші-құтқарушы | 50 | 13449 |
3 | Этнографиялық, ауылдық туризм | 60 | 13449 |
Барлығы | 6000 | - |