Әйтеке би ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 348 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Әйтеке би ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
А. Алдабергенов

  Әйтеке би ауданы әкімдігінің
2023 жылғы "06"
желтоқсандағы № 348
қаулысына қосымша

Әйтеке би ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 01 желтоқсандағы № 250 "2023 жылға Әйтеке би ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы;

      2. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 01 желтоқсандағы № 252 "2023 жылға Әйтеке би ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы;

      3. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 01 желтоқсандағы № 253 "2023 жылға Әйтеке би ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады