Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 176 "Алға ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 10 шешімі

      ШЕШТІ:

      1. Алға аудандық мәслихатының "Алға ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 6 маусымдағы № 176 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-3-165 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы:

      4 тармақта:

      оныншы абзац алынып тасталсын;

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға аудандық
мәслихатының төрағасы
М.Ш. Тулеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады