Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Байғанин ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Байғанин аудандық әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 82 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Байғанин ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
2 тармағының 12) тармақшасы, 5 тармағының екінші абзацы және 6 тарауы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Утаров |