Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 154 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № 168 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 09.11.2023 № 168 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы 2023 жылғы 17 қазандағы № 02-08-04/153 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Тірітам қыстағы аумағына карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қарауылкелді ауылдық округінің
әкімінің м.а
Қ. Ізбағанбет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады