Карантинді алу және Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 154 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № 168 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 8 қарашадағы №02-08-04/161 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің "Тірітам" қыстағының аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.

      2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 154 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылкелді ауылдық
округінің әкімінің м.а
Қ. Ізбағанбет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады