Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ырғыз ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 20 шілдедегі қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі Ырғыз ауылындағы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл" көшесі "Абай" көшесі, "Абай Құнанбаев" көшесі "Жармола" көшесі деп қайта аталсын.
2. "Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз ауылдық округінің әкімі | А. Оразымбетова |