Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 25 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.
2. Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 20 "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешімі жойылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
Т. Көлкебаев |
Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 19 шешімімен бекітілген |
"Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ) Мәртөк аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ ведомстволары жоқ.
3. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылдық округі, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, ғимарат 36, пошта индексі 030600.
10. Осы Ереже "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
Мәртөк аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыру, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
аудандық мәслихаттың жоспарланған сессияларының және тұрақты (уақытша) комиссияларының отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұрау;
депутаттық сауалдардың және ұсыныстардың мерзімінде қаралуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға және мекемелерге сұраулар жолдау;
2) міндеттері:
аудандық мәслихаттың және оның органдарының жалпы отырыстарын дайындауды және өткізуді жүзеге асыру;
аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;
аудандық мәслихатқа жолданған, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру.
15. Функциялары:
аудандық мәслихаттың сессияларын және тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды қамтамасыз етуді аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес жүзеге асырады;
мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін түсініктемелік және әдістемелік көмек көрсетеді, олардың сауалдары мен ұсыныстарының, сын-пікірлерінің уақытылы қаралуын және орындалуын бақылайды;
аудандық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдайды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен аудандық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз етеді;
аудандық мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарының тиісті органдарға жолдануын қамтамасыз етеді;
аудандық мәслихаттың сессиялары мен оның басқа да органдарының отырыстарының стенограммаларын, хаттамаларын жүргізеді;
"Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ басқаруды бірінші басшы – аудандық мәслихаттың төрағасы (бұдан әрі – аудандық мәслихаттың төрағасы) жүзеге асырады, ол "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Аудандық мәслихаттың төрағасы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
18. Аудандық мәслихат төрағасының орынбасарлары болмайды.
19. Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттіктері:
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ атынан өкiлдік етеді;
2) "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) шарттар жасасады, сенімхаттар береді, банктік шоттар ашады;
4) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
5) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
6) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
7) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
8) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
9) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
10) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
11) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
12) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
13) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
14) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады.
Аудандық мәслихаттың төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкi
21. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
"Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.