Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 05 желтоқсандағы № 252 "Темір ауданының мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 242 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 05 желтоқсандағы № 252 "Темір ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі С. Аманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады