Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Темір аудандық мәслихатының "Темір ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8333 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының төрағасы |
Б. Шаимов |