Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 31.05.2023 № 22 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 2-14-07/78 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Темір ауданы Ақсай ауылдық округі Ақсай елді мекені аумағынан қой-ешкі малдары арасынан шешек (оспа) ауруының тіркелуіне байланысты карантин белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақсай ауылдық округінің әкімі |
Е. Бегимов |