Ақсай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі "Карантин белгілеу туралы" № 17 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 22 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2023 жылғы 30 мамырдегі № 2-14-07/132 ұсынысы негізінде Ақсай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. Ақсай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі "Карантин белгілеу туралы" № 17 шешімінің (2023 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет–ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсай ауылдық округінің әкімі Е. Бегимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады