Ақтөбе облысы Ойыл ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 3 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің 10.01.2024 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабындағы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабындағы 2-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Ойыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 3 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуге төтенше жағдайды жою басшысы етіп өзімді тағайындаймын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 17 наурызынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Ойыл ауданының әкімі А. Казыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады