Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабыны 7 тармақшасына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 13 ақпандағы № 15-4/30 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Хромтау ауданы Абай ауылдық округі Абай ауылы аумағында ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Хромтау ауданы Абай ауылдық округ әкімінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29568 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Абай ауылдық округінің әкімі | А. Мустафин |