"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2022 жылғы 24 қарашадағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және Дегерес ауылдық округінің Дегерес, Бұлақ, Қараарша,Сұңқар және Бесмойнақ ауылдарының халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылдық округіДегересауылының келесі көшелеріне атаулар берілсін:
№1 Райымбек батыр (Райымбек батыр),
№2 Бөгенбай батыр (Богенбай батыр),
№3 Наурызбай батыр (Наурызбай батыр),
№4 Қабанбай батыр (Кабанбай батыр);
2. Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылдық округі Бесмойнақ ауылының келесі көшелеріне атаулар берілсін:
№1 Ж.Садуақасов (Ж.Садуакасов),
№2 У.Нұрмақсұтов (У.Нурмаксутов),
№3 А.Айтқұлов (А.Айткулов),
№4 М.Қалиев (М.Калиев),
№5 Т.Абдыкадыров (Абдыкадыров),
№6 Қ.Сыдықов (К.Сыдыков),
№7Н.Байбатшаев (Н.Байбатшаев),
№8 М.Дайыров (М.Дайыров),
№9 Таусамалы (Таусамалы),
№10 Жастар (Жастар),
№11 Тасқайнар (Таскайнар);көшесі атауы берілсін.
3. Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылдық округі Бұлақ ауылының №1 көшесіне Оспанхан Әубәкіров (Оспанхан Аубакиров) көшесі атауы берілсін.
4. Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылдық округі Қараарша ауылының келесі көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1. Батыс (Батыс),
№2 Шығыс (Шығыс),
№3 Абдыкаимов Қарақойшы, (Абдыкаимов Каракойшы),
№5 Қараарша (Караарша),
№6 Ә.Малыбаев (А.Малыбаев);
5. Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылдық округі Сұңқар ауылына келесі көшелеріне атаулар берілсін:
№1. Қарасай батыр (Карасай батыр),
№2. Кеңсай (Кенсай),
№3. Суықтөбе (Суыктобе),
№4. Таусамалы (Таусамалы),
№5. Жастар (Жастар),
№6. Басбатыр (Басбатыр)
6. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дегерес ауылдық округінің әкімі | Е.Копжасаров |