"Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілері туралы" Заңының 27- бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кеген ауданы әкімдігінің "Ата анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 7 маусымдағы № 86 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5168 тіркелген) қаулының күші жойылған болып танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Кабылбеков Кенес Кунесбаевичке жүктелсін.
Аудан әкімі | Н. Теңізбаев |