БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
4 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" функционалдық кіші тобында:
253 "Облыстың денсаулық сақтау басқармасы" және 339 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
043 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау" және 044 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету" бюджеттік бағдарламалары бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
"011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен";
353 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
043 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
"011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен";
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
2 "Халықтың денсаулығын қорғау" функционалдық кіші тобында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
053 "Арнайы медициналық резервті сақтауды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 133 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
"133 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттері";
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:
1 "Мәдениет саласындағы қызмет" функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 010 бюджеттік бағдарламасымен 303 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
"303 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы
010 Зоопарктер мен дендропарктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
3 "Ақпараттық кеңiстiк" функционалдық кіші тобында:
313 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың цифрландыру басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 075 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"075 Байланыс желілерін салу";
мынадай мазмұндағы 075 бюджеттік бағдарламасы бар 458, 466, 467, 468, 472, 487, 490, 492, 495, 496 және 497 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен толықтырылсын:
"458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
075 Байланыс желілерін салу
466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
075 Байланыс желілерін салу
467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
075 Байланыс желілерін салу
468 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі
075 Байланыс желілерін салу
472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
075 Байланыс желілерін салу
487 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
075 Байланыс желілерін салу
490 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
075 Байланыс желілерін салу
492 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
075 Байланыс желілерін салу
495 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
075 Байланыс желілерін салу
496 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі
075 Байланыс желілерін салу
497 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі
075 Байланыс желілерін салу";
694 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
006 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 101 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
"101 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары";
мынадай мазмұндағы 075 бюджеттік бағдарламасы бар 809 және 810 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен толықтырылсын:
"809 Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі
075 Байланыс желілерін салу
810 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономиканың нақты секторы бөлімі
075 Байланыс желілерін салу";
4 "Туризм" функционалдық кіші тобында:
265 "Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 073 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"073 Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
650 "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
051 "Туризм мен туристік қызметті дамытуды ынталандыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 104 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
"104 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
766 "Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 073 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"073 Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:
1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:
255 "Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы" және 741 "Облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
092 "Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 020 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"020 Облыстық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |