Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 2482 бірлескен қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 9/87-VIII шешiмi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласы халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қаласының ономастика комиссиясының 2023 жылғы 6 маусымдағы және Республикалық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 13 қазандағы қорытындыларының негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне мынадай атаулар берілсін:

      Абай ауданы бойынша:

      Шымсити шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге – Түркия;

      Еңбекші ауданы бойынша:

      аудан орталығындағы атауы жоқ саябаққа – "Қазақстан – Түркия достығы".

      2. "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы мен Шымкент қаласы мәслихатының шешімін жүзеге асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы мен Шымкент қаласы мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков
      Шымкент қаласы мәслихаты
      төрағасының міндетін атқарушы А. Елшиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады