"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігінің экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 5-ж/қ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 ақпандағы № 50-НҚ бұйрығы

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігінің экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 5-ж/қ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
      Төрағасы Ж. Элиманов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Төрағасы
_________________ Д. Жазықбаев
2023 жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
Төрағасының
2023 жылғы 16 ақпандағы
№ 50-НҚ бұйрығына
қосымша
  Бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
Төрағасының
2021 жылғы 1 наурыздағы
№ 5-ж/қ бұйрығымен

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптары

Санаты

Лауазымның атауы

Білімге қойылатын талаптар

Еңбек өтіліне қойылатын талаптар

Практикалық тәжірибе

Денсаулық жағдайы бойынша талаптар

1. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі орталық аппаратының экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары

В-FM-1

Аппарат басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-2, C-OGP-1, C-AGP-1, В-PK-2, В-РКО-1, C-SV-2, C-SVO-1, C-SVU-1, B-FM-2, B-FMO-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда төрт жылдан кем емес;
3) судья лауазымында жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес;
4) Мемлекеттік қызмет өтілі он бір жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда немесе А-1, В-1, С-1, C-O-1, D-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда алты жылдан кем емес.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

В-FM-2

Департамент Басшысы
Кеңесші

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-3, C-OGP-3, C-AGP-3, В-PK-3, В-РКО-2, C-SV-3, С-SVО-2, C-SVU-2, C-SN-2, С-SSP-2, C-SGU-3, В-FM-3, В-FMО-2 санаттарынан төмен емес немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) судья лауазымында жұмыс өтілі он жылдан кем емес;
4) Мемлекеттік қызмет өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда немесе А-2, В-2, С-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бес жылдан кем емес; 6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес (С-OGP-1, В-РКО-1, C-SV-2, C-SVО-1, C-SVU-1, В-FMО-1 санаттарындағы лауазымдарды қоспағанда).

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

В-FM-3

Департамент басшысының орынбасары

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-4, C-OGP-4, C-RGP-1, C-AGP-4, C-KGP-2, C-OKGP-2, В-PK-4, В-РКО-3, C-SV-4, С-SVО-3, C-SVR-1, C-SVU-3, C-SN-3, С-SSP-3, C-SGU-5, В-FM-4, В-FMО-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
3) судья лауазымында жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес;
4) Мемлекеттік қызмет өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда немесе А-3, В-3, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда төрт жылдан кем емес;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

В-FM-4

Басқарма басшысы
Көмекші

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-5, C-OGP-5, C-RGP-2, C-AGP-6, C-KGP-3, C-OKGP-3, В-PK-5, В-РКО-4, C-SV-5, С-SVО-4, C-SVR-3, C-SVU-4, C-SN-4, С-SSP-4, C-SGU-7, В-FM-5, В-FMО-4 анаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі немесе судья лауазымындағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
3) Мемлекеттік қызмет өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда немесе А-4, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда үш жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

В-FM-5

Басқарма басшысының орынбасары

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-6, C-OGP-6, C-RGP-3, C-AGP-7, C-KGP-4, C-OKGP-4, В-PK-6, В-РКО-5, C-SV-8, С-SVО-5, C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-6, С-SSP-5, C-SGU-8, В-FM-6 санаттарынан төмен емес лауазымдарда (аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы) немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттан төмен емес лауазымдарда қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі немесе судья лауазымындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
4) осы санаттардың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

В-FM-6

Аса маңызды істер бойынша тергеуші
Аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы)
Бас криминалист

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі немесе судья лауазымындағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
3) Мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
4) Осы санаттағы нақты лауазымның функицоналдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы (кезекші бөлімшелердің қызметкерлері үшін спорттық разрядтардың, жекпе-жек түрлері немесе практикалық атыс бойынша біліктіліктердің болуы талап етіледі).

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

В-FM-6

Аға тергеуші
Аға жедел уәкіл (анықтаушы)
Аға криминалист

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі немесе судья лауазымындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
3) осы санаттардың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы (кезекші бөлімшелердің қызметкерлері үшін спорттық разрядтардың, жекпе-жек түрлері немесе практикалық атыс бойынша біліктіліктердің болуы талап етіледі).

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

В-FM-7

Тергеуші, жедел уәкіл (анықтаушы)
Криминалист

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі немесе судья лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
3) осы санаттардың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары

В-FMО-1

Департамент Басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-3, C-OGP-3, C-AGP-3, в-PK-3, В-РКО-2, C-SV-3, С-SVО-2,C-SVU-2, C-SN-2, С-SSP-2, C-SGU-3, В-FMО-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) судья лауазымында жұмыс өтілі он жылдан кем емес;
4) Мемлекеттік қызмет өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда немесе А-2, В-2, С-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бес жылдан кем емес;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес (С-OGP-1, В-РКО-1,C-SV-2,C-SVО-1, C-SVU-1, В-FMО-1 санаттарындағы лауазымдарды қоспағанда).

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

В-FMО-2

Департамент басшысының орынбасары

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-4, C-OGP-4, C-RGP-1, C-AGP-4, C-KGP-2, C-OKGP-2, В-PK-4, В-РКО-3, C-SV-4, С-SVО-3, C-SVR-1,C-SVU-3, C-SN-3, С-SSP-3, C-SGU-5, В-FM-4,В-FMО - 3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
3) судья лауазымында жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес;
4) Мемлекеттік қызмет өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда немесе А-3, В-3, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда төрт жылдан кем емес;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

В-FMО-3

Басқарма басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-5, C-OGP-5, C-RGP-2, C-AGP-6, C-KGP-3, C-OKGP-3, В-PK-5, В-РКО-4, C-SV-5, С-SVО-4, C-SVR-3, C-SVU-4,C-SN-4, С-SSP-4, C-SGU-7, В-FM-5, В-FMО-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі немесе судья лауазымындағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
3) Мемлекеттік қызмет өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда немесе А-4, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда үш жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

В-FMО-4

Басқарма басшысының орынбасары
Бөлім басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-6, C-OGP-6, C-RGP-3, C-AGP-7, C-KGP-4, C-OKGP-4, В-PK-6, В-РКО-5, C-SV-8, С-SVО-5, C-SVR-4,C-SVU-5, C-SN-6, С-SSP-5, C-SGU-8, В-FM - 6, В-FMО-5 санаттарынан төмен емес лауазымдарда (аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы) немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі немесе судья лауазымындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
4) осы санаттардың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

В-FMО-5

Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы)
Бас криминалист

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі немесе судья лауазымындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
3) осы санаттардың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы (кезекші бөлімшелердің қызметкерлері үшін спорттық разрядтардың, жекпе-жек түрлері немесе практикалық атыс бойынша біліктіліктердің болуы талап етіледі).

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

В-FMО-5

Аға тергеуші, аға жедел уәкіл (анықтаушы)
Аға криминалист

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

1) құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі немесе судья лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
3) осы санаттардың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы (кезекші бөлімшелердің қызметкерлері үшін спорттық разрядтардың, жекпе-жек түрлері немесе практикалық атыс бойынша біліктіліктердің болуы талап етіледі).

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

В-FMО-6

Тергеуші, жедел уәкіл(анықтаушы), анықтаушы
Криминалист

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе ортадан кейінгі кәсіптік білім.

Жұмыс өтілінің болуы талап етілмейді

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы (кезекші бөлімшелердің қызметкерлері үшін спорттық разрядтардың, жекпе-жек түрлері немесе практикалық атыс бойынша біліктіліктердің болуы талап етіледі).

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

      Ескертпе: Осы біліктілік талаптарындағы әскери қызмет өтіліне сарбаздар (матростар) құрамының мерзімді әскери қызмет кезеңдері енгізілмейді.

      Жоғары кәсіби даярлығы бар, ерекше білімдері немесе нақты мамандықтар бойынша жұмыс өтілдері бар адамдар, осы біліктілік талаптарында белгіленген, қажетті жұмыс өтілдері ескерілмей, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің шешімімен не болмаса оның келісімімен лауазымға тағайындалуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады