Абай облысы бойынша 2023 жылғы IV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 98 қаулысы

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысы бойынша 2023 жылғы IV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев

  Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы "22" мамырдағы
№ 98 қаулысына
қосымша

Абай облысы бойынша 2023 жылғы IV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

Тауар атауы

Өлшем бірлігі

IV тоқсанның бағасы

1.

Бірінші сортты бидай ұны

теңге/ килограмм

248

2.

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

теңге/ килограмм

200

3.

Рожки (өлшеніп салынатын)

теңге/ килограмм

472

4.

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

теңге/ килограмм

816

5.

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

теңге/ килограмм

545

6.

Картоп

теңге/ килограмм

173

7.

Асханалық сәбіз

теңге/ килограмм

150

8.

Басты пияз

теңге/ килограмм

126

9.

Ақ қауданды қырыққабат

теңге// килограмм

112

10.

Ақ қант – құмшекер

теңге/ килограмм

796

11.

Күнбағыс майы

теңге/литр

953

12.

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

теңге/ килограмм

2270

13.

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

теңге/ килограмм

1260

14.

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада

теңге/литр

363

15.

Майлылығы 2,5 % айран, жұмсақ қаптамада

теңге/литр

415

16.

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 %, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

теңге/ килограмм

3147

17.

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

теңге/дана

541

18.

Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа)

теңге/ килограмм

71

19.

Сүзбе: майлылығы 5-9 %

теңге/кило грамм

1682


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады