"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Бесағаш ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылындағы келесі құрамдас бөліктер қайта аталсын:
1) Бульварная 1-бұрылысы Береке бұрылысына;
2) Бульварная 2-бұрылысы Күлтөбе бұрылысына;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесағаш ауылдық | |
округінің әкімі | А. Абдумуталиев |