Жамбыл облысы Жуалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 тамыздағы № 6-4 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы Жуалы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жамбыл облысы Жуалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      төрағасы З. Бурлибаев

  Жуалы аудандық мәслихатының
2023 жылғы 17 тамыздағы
№ 6-4 шешіміне қосымша

Жамбыл облысы Жуалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Қосылған құн салығынсыз, теңге

Жайлы үйлер

айына 1 тұрғынға

108,87

Жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғынға

131,73

Жеке және заңды тұлғалар үшін

1 м3

1306,39


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады