"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдері жойылсын:
1) "Жуалы ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 29-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №13-7 шешімі;
2) "Жуалы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 шілдедегі №49-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы №21-7 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жуалы аудандық | |
мәслихат төрағасы | З. Бурлибаев |