Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылдық округіне қарасты Кунбатыс -2 ауылы Батыс көшесі № 18 үйдің ауласына шектеу іс шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 71 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қордай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 05 сәуірдегі № 02/68 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылдық округіне қарасты Кунбатыс-2 ауылының Батыс көшесі № 18 үйдің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы Х.Буларов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады