"Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 03/14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 39/03 қаулысы

      Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 03/14 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облысының әкімі Б. Әбдіғалиұлы

  Ұлытау облысы әкімінің
2023 жылғы 28 шілдедегі
№ 39/03 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

"Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бюджеттің атқарылуы және облыстық коммуналдық мүлікті басқару Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, Ұлытау облысы әкімінің және әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: бюджетті орындау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас жəне тиімді жүйесін қалыптастыруды жүзеге асыру.

      14. Міндеттері:

      Мына салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды өңдеу:

      1) облыстық бюджетті орындау;

      2) облыс және облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі бюджеттік есепке алуды жүргізу және есептілікті құру;

      3) облыстық коммуналдық мүлікті басқару.

      15. Функциялары:

      1) облыстық бюджеттің атқарылуы және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      2) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (дефицитін) және оны жабу көздерін анықтау бойынша процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасау;

      3) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың, түсімдердің және төлемдер бойынша жеке қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;

      4) бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредиттерді тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру;

      5) міндеттемелерді уақытылы қабылдамау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерді уақытылы жүргізбеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында бюджеттің орындалу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі түрде жинау, қадағалау және талдау арқылы, бюджеттік есептілік негізінде бюджеттік мониторинг жүргізу;

      6) тауарларды сату (жұмыстарды, қызметтерді) бойынша түсімдер мен ақша шығыстарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бекітілетін жиынтық жоспарларын келісу;

      7) қолма-қол ақша профициті болжанған жағдайда бюджет ақшасын басқару уақытша бос бюджеттік ақшаны ұтымды пайдалану және бюджетке табыс алу мақсатында қолма-қол ақша бақылау шотында уақытша бос бюджет ақшасының көлемі анықталады және облыстық бюджеттің уақытша бос бюджет ақшасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырылады;

      8) облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізу;

      9) облыстық мәслихатының кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешіміне сәйкес, Ұлытау облысы әкімдігінің борышын өтеуді және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

      10) облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есеп жүргізуді қамтамасыз ету және облыс бюджеті бойынша бюджетттік және шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау;

      11) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте облыс әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы қолдау хатты қарау;

      12) бюджеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша облыстық бюджеттен және аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың жылдық тиімділігіне бағалау жүргізуді жүзеге асыру;

      13) тиісті бюджеттік комиссияның республикалық бюджет туралы заңға немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұру;

      14) өз құзыреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілер жасау;

      15) облыстық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;

      16) ауданның коммуналдық мүлкін басқару саласында, олардың құзыретіне кіретін мəселелер бойынша, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру;

      17) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту;

      18) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастыру, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      19) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінішісіне беру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      20) облыстық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нəтижесінде ол ие болған мүлікті коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын органмен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;

      21) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;

      22) коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      23) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болуы бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      24) коммуналдық мүліктің нысаналы жəне тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;

      25) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нəтижелері бойынша анықталған, облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын органның келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру;

      26) облыстық коммуналдық мемлекеттік кəсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау жəне оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;

      27) облыстық коммуналдық мемлекеттік кəсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тəсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім беру;

      28) облыстық коммуналдық кəсіпорындардың, облыс əкімдігі қатысатын акционерлік қоғамдардың жəне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды жəне жүргізуді жүзеге асыру;

      29) жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруды келісу;

      30) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;

      31) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттықтар, сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерлер, жекешелендіруге жататын мүліктің нарықтық құнына бағалау жүргізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

      32) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешендер ретінде кəсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, соның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарта отырып, жекешелендіру объектісіне бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жəне сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      33) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға жəне мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе өтеусіз негізде шағын кəсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен беру құқығымен ұсыну;

      34) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

      35) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарына мониторинг жүргізу жəне жергілікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын іске асыру;

      36) жергілікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы ұсыныстар енгізу;

      37) жергілікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша жасалған мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарының тізілімін жүргізу;

      38) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдау;

      39) жергілікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеу бойынша жинақтау есебін уəкілетті орталық мемлекеттік органға жіберу;

      40) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен қарастырылған өзге өкілеттілікті жүзеге асырады.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) облыс әкіміне, әкімдігіне өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;

      2) облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша өз құзыреті шегінде ақпараттық-аналитикалық материалдарды мемлекеттік органдарға ұсыну;

      3) өз құзыреті шегінде облыс әкімінің, әкімдігінің құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрау және алу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      2) Заңнамаға сәйкес "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілік арқалайды;

      4) Заңнамамен белгіленген тәртіпте "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілейді;

      5) Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;

      6) "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді;

      7) Облыс әкімінің тапсырмаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ұлытау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады