Шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және білiктілiгiн арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның iшiнде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенiн жүзеге асыру бойынша ұйымды (әкімшіні) айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 273 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 73-1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және білiктілiгiн арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның iшiнде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенiн жүзеге асыратын ұйым (әкімші) болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқұықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жетекшілік ететін вице министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрі
С. Нұрбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады