"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілсін.
3. "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы атауының транскрипциясы өзгертiлсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Нұрбек |