Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 363 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 124-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына, "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 бұйрығына сәйкес, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Учаскелiк комиссиялар туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. "Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулы шеңберінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. Алиге жүктелсін.

      Облыс әкімі Б. Исабаев

      Облыс әкімдігінің 2023 жылғы "___" ___________ "Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" № ____ қаулысына келісім беті

Енгізуші:


Облыстың жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы

Е. Мизамбаев

 
Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Ә. Жақанбаев



Облыс әкімінің орынбасары

Облыс әкімінің орынбасары


 

Р. Али
Ә. Қанағатов

Облыс әкімі аппаратының
басшысы

Н. Егінбаев

Облыстың экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы

Ж. Әмірханов

Облыстың қаржы
басқармасының басшысы

Ж. Керімбекова

Облыс әкімінің аппараты
мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу және
ТҚК жұмысын ұйымдастыру
бөлімінің басшысы

А. Дауылбаева

Облыс әкімінің аппараты
құжаттамамен қамтамасыз ету
және бақылау бөлімінің басшысы

Б. Ақылбеков

  Бекітемін "Жетісу облысы әкімінің аппараты" ММ басшысы ____________ Н. Егінбаев 2023 жылғы "__"_________

      Облыс әкімдігінің 2023 жылғы "__" _____ "Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" № __ қаулысына тарату беті

      1.Облыс әкімінің орынбасарына (Р. Али).

      2.Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына- 2.

      3.Облыс әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу және ТҚК жұмысын ұйымдастыру бөліміне.

      Облыстың жұмыспен қамтуды

      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

      басқармасының басшысы Е. Мизамбаев

      Жіберілді: 2023ж. "___"___________

      Облыс әкімінің аппараты

      құжаттамамен қамтамасыз ету

      және бақылау бөлімінің бас инспекторы Н. Қыдырбекова

  Жетісу облысы маслихатының 2023 жылғы _____________ №___ шешіміне қосымша

Учаскелiк комиссиялар туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 124-бабы 3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №167 бұйрығымен бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережеге сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1. мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орындауды жүзеге асыратын филиалы.

      2. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы.

      3. учаскелік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.

      Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады. Комиссия әлеуметтік көмекке жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізеді.

      4. Комиссиялар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және бейтараптық қағидаттарында ұйымдастырады.

      Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын басшылыққа алады.

2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары

      5. Комиссиялардың негізгі міндеті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) немесе "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес жергілікті өкілетті органдар бекітетін Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету, олардың атаулылығын арттыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу болып табылады.

      6. Комиссияның негiзгi функцияларына:

      1) Қағидаларға сәйкес ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау (бұдан әрі – зерттеп-қарау);

      2) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарауға қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрау жіберу;

      3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;

      4) ұсынылған құжаттардың және/немесе тексеру нәтижелерінің негізінде уәкілетті орган бекіткен өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын ескере отырып, Қағидаларға сәйкес ұсынылатын әлеуметтік көмек немесе атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің болмауы туралы қорытынды дайындау жатады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округтың әкімі Комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасайды (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме беру, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету).

      8. Комиссияның құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, мүлік иелері бірлестіктерінің, көппәтерлі тұрғын үйлердің жай серіктестіктерінің (жай серіктестіктер), халықтың, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралады.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмауға тиіс.

      9. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Үлгілік ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауаптылықта болады.

      10. Өтініш берушіні отырыстың өткізілетін күні туралы хабардар етуді, Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, Комиссия отырысына қажетті құжаттарды, материалдар даярлауды және оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      Өтініш беруші қалауы бойынша Комиссияның отырысына қатыса алады.

      11. Комиссия:

      мансап орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны мансап орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді;

      құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы немесе мұқтаждығының болмауы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне жібереді.

      12. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.

      13. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

      14. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды.

      15. Комиссияның қорытындысына келіспеген кезде, өтініш беруші уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады