"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | А. Әділ |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Текелі қалалық мәслихаты |
Текелі қаласының әкімдігінің 2023 жылғы "____" шілдедегі №_____ қаулысына қосымша |
Текелі қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі
Маршрут нөмірі | Маршрут атауы | Тасымалдау құны (теңге) |
1 | Клубная автовокзал | 150 теңге |
4 | Чайковский көшесі-"Светлана" дүкені – Қора көшесі, стомоталогия "Шынгыс" | 100 теңге |
6-7 | Айналым-"Улыбка" дүкені-"Алатау" шағын ауданы-Ауэзов көшесі-Чажа-Стадионная көшесі- Спорт сарайы | 100 теңге |