"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12- бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Сарқан қаласы халқының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 11 мамырдағы Жетісу облысы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сарқан ауданы, Сарқан қаласындағы солтүстік-батысында орналасқан "Н. Некрасов" көшесі "Хиуаз Доспанова" көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының "Депутаттар өкілеттігі, әлеуметтік саясат, білім, денсаулықты сақтау, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарқан ауданы әкімінің м.а | А. Калиаскаров |
Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы | М.Разбеков |