Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 86 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы су көлігінiң тиесілік заттай нормалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

  Бұйрыққа 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары

Атауы

Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты

Арнайы көлік құралдарын пайдаланатын мемлекеттік мекемелер

Арнайы көлік құралдарының саны

Арнайы көлік құралы

Өндірістік процесті қамтамасыз ету, автомобиль көлігі мен автожолдарда бақылауды жүргізу; су көлігінде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тексеріп қарауды, кемелерді, жағалаудағы объектілерді, гидроқұрылыстарды, порттарды, кемежайларды, шығанақтарды, шағын көлемді және балық аулайтын кемелерге арналған база-тұрақтарды техникалық куәландыруды жүргізу; теміржол көлігінде жолдың жоғарғы қабатын, магистральдық, станциялық және өзге де технологиялық жолдарды, инженерлік құрылыстарға техникалық куәландыруды жүргізу

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық инспекциялары:

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті

1

Абай облысы

3

Ақмола облысы

4

Ақтөбе облысы

5

Алматы облысы

5

Атырау облысы

5

Шығыс Қазақстан облысы

5

Жамбыл облысы

4

Жетісу облысы

3

Батыс Қазақстан облысы

5

Қарағанды облысы

5

Қызылорда облысы

4

Қостанай облысы

5

Маңғыстау облысы

4

Павлодар облысы

5

Солтүстік Қазақстан облысы

5

Ұлытау облысы

3

Түркістан облысы

5

Астана қаласы

4

Алматы қаласы

4

Шымкент қаласы

3

"Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі

3

  Бұйрыққа 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары

Арнайы көлік құралдарының атауы*

Арнайы көлік құралдарының функционалдық мақсаты

Арнайы көлік құралдарының пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер

Арнайы көлік құралдарының саны

Арнайы

Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу

Ақмолажолзертханасы

1

Ақтөбежолзертханасы

1

Алматыжолзертханасы

1

Атыраужолзертханасы

1

Батысжолзертханасы

1

Жамбылжолзертханасы

1

Шығысжолзертханасы

1

Карағандыжолзертханасы

1

Кызылордажолзертханасы

1

Көстанайжолзертханасы

1

Маңғыстаужолзертханасы

1

Павлодаржолзертханасы

1

Солтүстікжолзертханасы

1

Түркістанжолзертханасы

1

Астанақалалықжолзертханасы

1

Алматықалалықжолзертханасы

1

      *Арнайы көлік құралы – жеңіл автомобиль базасындағы, автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге арналған көлік құралы.

  Бұйрыққа 3-қосымша

Арнайы су көлігінің тиесілі заттай нормалары

Арнайы су көлігінің атауы*

Арнайы су көлігінің функционалдық мақсаты

Арнайы су көлігін пайдаланатын мемлекеттік мекемелер

Арнайы су көлігінің саны

Теңіз

Өзен

Шағын көлемді

Арнайы

Өндірістік процесті қамтамасыз ету және су көлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру (кемелерді, жағалаудағы объектілерді, порттарды, кемежайларды, шығанақтарды, кеметұрақтарды, шағын көлемді және балық аулайтын кемелерге арналған база-тұрақтарды және т.б. техникалық куәландыруды жүргізу)

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің инспекциялары:

Абай облысы

-

1

1

Ақмола облысы

-

-

1

Ақтөбе облысы

-

-

1

Алматы облысы

-

1

1

Атырау облысы

-

1

1

Шығыс Қазақстан облысы

-

3

1

Жамбыл облысы

-

-

1

Жетісу облысы

-

-

1

Батыс Қазақстан облысы

-

1

1

Қарағанды облысы

-

1

1

Қызылорда облысы

-

-

1

Қостанай облысы

-

-

1

Маңғыстау облысы

-

-

1

Павлодар облысы

-

1

1

Солтүстік Қазақстан облысы

-

-

1

Ұлытау облысы

-

-

1

Түркістан облысы

-

-

1

Астана қаласы

-

-

1

"Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі

1

-

-

      *Арнайы су көлігі - ішкі су жолдарда және өзге теңіз суларында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады