"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 596/НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;

      2) осы бұйрықпен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қамтамасыз ету және зейнетақы саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;

      3) осы бұйрықпен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу бойынша қызмет саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;

      4) осы бұйрықпен бекітілген 4-қосымшаға сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;

      5) осы бұйрықпен бекітілген 5-қосымшаға сәйкес ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;

      6) осы бұйрықпен бекітілген 6-қосымшаға сәйкес бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;

      7) осы бұйрықпен бекітілген 7-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;

      8) осы бұйрықпен бекітілген 8-қосымшаға сәйкес біріңғай төлемдер саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықтың 6-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 8-қосымшасымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін тіркелген бұйрықты алған күннен бастап Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы ___ ________
№ ____ бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Инвистициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 87 бұйрығына
6-қосымша

Бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

Тауардың атауы (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)

Өлшем бірлігі

ҚҚС*қоспағанда бағасы, теңге

1

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке бірыңғай жиынтық төлемнің сомасын бөлу және аудару

1 төлем тапсырмасы

27,58

2

Бірыңғай жиынтық төлемнің қате (артық) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру

1 төлем тапсырмасы

904,4

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы ___ ________
№ ____ бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Инвистициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 87 бұйрығына
8-қосымша

Біріңғай төлемдер саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүргізетін және (немесе) іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

Р/с

(Жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) тауарлардың атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен

1

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке бірыңғай төлемнің сомасын бөлу және аудару

1 төлем тапсырмасы

52,13

2

Бірыңғай төлемнің қате (артық) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру

1 төлем тапсырмасы

790,04


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады