Құрылыс объектісін ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектілерге жатқызу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 143 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Chery, Changan, Haval жеңіл автокөліктерін шығаратын мультибрендтік зауыт құрылысы" құрылыс объектісін ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектілерге жатқызылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-миниcтріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Шарлапаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады