Құрылыс объектісін ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектілерге жатқызу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 162 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылына 50 млн тонна кен өнімділігі бар "Көксай" кен орнындағы таукен-байыту комбинатының құрылысы" құрылыс объектісін ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектілерге жатқызылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-миниcтріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Шарлапаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады