Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы "Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы" № 438 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 27 шешімі

      Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы "Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы" № 438 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5429 болып тіркелген) өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларына:

      қосымшадағы 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган берген қайтыс болу туралы куәлікті және (немесе) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 045/у нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәлікті не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарламаны ұсынғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі.";

      қосымшадағы 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Есепке алу журналында мынадай мәліметтер қамтылады:

      жерлеу жылы, айы, күні;

      зираттың (қабірдің) нөмірі;

      қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      туған және қайтыс болған күні;

      өлімнің себебі;

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның нөмірі, күні және кімнің бергені;

      марқұмның жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады