"Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағасының мөлшерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 42/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 61/04 қаулысы

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 42/02 "Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағасының мөлшері 90 күнтізбелік күнге бекітілсін: ондық үшін 1 санаттағы тауық жұмыртқасы – 429 теңге".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады