Жер учаскелеріне шектеулі пайдалану (қауымдық сервитут) құқықты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 84/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабының 9-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Birlik Agro Invest" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қоймай, 10 жыл мерзімге осы қаулының қосымшасына сәйкес су алу үшін суағары бар суалу ғимаратын салу үшін жалпы ауданы 0,4546 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2023 жылдың "21" қарашадағы
№ 84/01
қаулысына қосымша

"Birlik Agro Invest" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Жер пайдаланушылар (меншік иелерінің) атауы

Кадастрлық нөмірі

Қауымдық сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар

1

РМК "Қазсушар" Қаныш Сәтпаев атындағы Каналы" филиалы

09-137-033-115

0,4546


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады