Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 4/47 "Балқаш қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 шілдедегі № 6/57 шешімі

      Балқаш қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 4/47 "Балқаш қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде № 182722 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қалалық мәслихатының төрағасы А.К. Муслымов

  Қалалық мәслихаттың
2023 жылғы "26" шілде
№6/57 шешіміне қосымша

Балқаш қаласы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығын ескере отырып)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

374,3

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

394,0

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 м3

2955


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады