"Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1 бабына сәйкес, "Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сенімхат бойынша өкілі А.М. Наурзалиевтің өтінішін қарастырып, талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында, Гүлшат кентінің әкіміШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында, Гүлшат кентінде орналасқан, ауданы 0,0160 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 5 жылдық мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).

      3. "Гүлшат кенті әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Гүлшат кентінің әкімі Р. Қасенхан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады